Ел жаңалықтары

Сайлауға ҚР Кәсіподақтар федерациясынан 5700-ге жуық бақылаушы қатысады

  • Сайлауға ҚР Кәсіподақтар федерациясынан 5700-ге жуық бақылаушы қатысады

    Сайлауға ҚР Кәсіподақтар федерациясынан 5700-ге жуық бақылаушы қатысады

ҚР Кәсіподақтар федерациясы алдағы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауына бақылаушы ретінде 5700-ге жуық адамды белгіледі. Олар сайлаудың ашықтығы мен әділ өтуін бақылайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше ғана ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлаудағы Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясы бақылаушыларының республикалық штабының бірінші отырысын өткіздік. Біз сайлауға бақылаушы ретінде қатысамыз. Бүгінгі күні 9500-ден астам сайлау учаскелеріне 5700-ге жуық бақылаушы өз кандидатурасын ұсынды. Біз оларға пандемия кезінде сақтық шараларын түсіндіреміз. Бақылаушылар оқудан және тренингтерден өтеді», - дейді Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев Кәсіподақтар үйінде өткен брифингте.

Республикалық штабтың мүшесі, «Мемлекеттік, банк мекемелері және халыққа қызмет көрсету қызметкерлерінің қазақстандық кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Атақозы Нұрлановтың айтуынша, басты мақсат &ndash бақылаушылардың жұмысын ашық және адал ұйымдастыру.

«Кәсіподақтар федерациясы ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарын сайлаудағы еркін процестерге бақылаушы ретінде қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Өңірлерде аймақтық бақылаушылар штабы құрылды, оларға аймақтардан барлық ақпарат келіп түседі. Біздің мақсатымыз &ndash бақылаушылардың жұмысын ашық, шынайы түрде ұйымдастыру және сайлаудың ашықтығы мен әділ өтуін қамтамасыз ету. Ең бастысы &ndash адамның таңдау мүмкіндігіне қатысты конституциялық құқығын қамтамасыз ету. Менің ойымша, біз адалдықты, ашықтықты, заңнама қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ете аламыз», - дейді Атақозы Нұрланов.




Көрілген: 554    Пікірлер: 0

бейсенбі, 26.11.2020, 17:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31