Ел жаңалықтары

Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті

  • Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті

    Сайрагүл Сауытбай Қазақстаннан кетті

Қытайдан қуғын көріп, Қазақстанға заңсыз жолмен қашып өткен Сайрагүл САУЫТБАЙ Қазақстаннан кетті. Бұл туралы оның адвокаты Айман ОМАРОВА өзінің Facebook парақшасында жазды деп хабарлайды Zhasalash.kz.


«Қош бол, Сайрагул! Жолың болсын! Бақытты бол!


Атажурттыңда қазақпын деп асығып, Қытайдан қашып келгенде пана бермеседе, енді омірің дуние жузінде ең дамыған мемкелет есігін ашты!


Ұмытпа! Сен әрдайым НАҒЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ екеніңді!!!» деп жазды адвокат әлеуметтік желіде.


Былтыр шекараны заңсыз жолмен кесіп өткен Сайрагүл Сауытбайды Қазақстан тарапы 6 айға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарып, кейіннен жағдайды ескере отырып, шешімді шартты жазаға ауыстырған. Қытайға депортациялау мәселесі күн тәртібінде тұрғанмен, ол Қазақстанда қалдырылған болатын.


Осыдан кейін Сауытбай өзіне босқын мәртебесін беру туралы арыз түсіргенмен, комиссия оның арызын қанағаттандырмады. Бұл шешімге келіспейтінін білдірген Сауытбай тарапы комиссия шешімін «заңсыз деп тану» туралы талап арыз берген. Бұл арыз бойынша қазір сот жалғасып жатыр.


Сайрагүл Сауытбай шет елге отбасымен бірге кеткен. Адвокаттың Азаттық радиосына берген сұхбатында Сайрагүлдің Швецияға кеткені белгілі болды.


- Біз бұған дейін үшінші елден көмек сұрайтынымызды айтқан едік қой. Негізі БҰҰ сот өтпей ешқашан рұқсат етпейтін. Заңда да солай. Бірақ мен АҚШ-қа өтініш жасадым. БҰҰ-на барлық мән-жайды жеткіздік. Ұйымның босқындар жөніндегі комиссариаты Сайрагүлге ерекше жағдай жасады, Швеция өздеріне қабылдайтынын айтып, келуіне рұқсат берді, - дейді адвокат.




Көрілген: 505    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 03.06.2019, 12:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31