Сегіз өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16 желтоқсан 2021, 08:31

«Қазгидромет» РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады, деп хабарлайды Хабар 24. 

16-18 желтоқсанда Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Таразда да 16-17 желтоқсанда тұман. 

16 желтоқсанда Маңғыстау облысының орталығында шаңды дауыл көтеріледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында және орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді. Ақтауда бұл күні оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15-20 м/с. Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түседі.  Ал Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. 

Шымкентте де, Түркістанда да ертең түнде тұман түседі. Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. 

Көкшетауда осы күні оңтүстік-батыстан жел соғады екпіні 15 м/с. Ертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түседі. Оралда да  желтоқсанда түнде және таңертең тұман түсуі күтіледі. 

Күндіз бұл күні Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с. Сондай-ақ ертең Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында жаяу борасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, өңірдің оңтүстігінде, батысында жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.