Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Семей халқы салауатты тамақтанады

20 сәуір 2011, 11:35

Осыған дейін Семейде мұндай орталық болған емес. Жаңа қызмет көрсету нысанында тұрғындарға дұрыс тамақтанудың жай-жапсары туралы кеңестер берілетін болады. Тамақтану орталығының ашылуына салауатты тамақтанудың қазақстандық мектебінің негізін қалаушы, академик Төрегелді Шарманов қатысты.
Мамандардың айтуынша, Шығыс Қа­зақ­стан тұрғындары майлы, тәтті және тұз­ды тағамдарды асыра пайдаланады. Шы­ғыс өңірде жүргізілген зерттеу жұмыста­ры­ның қорытындысы міне осындай. Осыдан өңір халқында микроэлементтердің, каль­ций, фосфор, фолий қышқылының және А, С дәрумендерінің жетіспеушілігі туын­да­ған. Бұл өз кезегінде адам ағзасындағы түрлі аурулардың дамуына жол береді. Аталған зерттеудің қорытындысы аймақта тамақтандыру орталығын ашуға түрткі болды. Жаңа орталықта тұрғындарға ақы­сыз кеңес берілетін болады.
Айман Керімқұлова, Салауатты тамақтану орталығының директоры:
– Балаларға кеңес береміз, жас­өс­пі­­рімдер, жүкті әйелдер мен түрлі ау­ру­лары бар адамдарды қабыл­дай­мыз. Сондай-ақ қант диабеті, семіздік, жү­рек-қан тамыр ауруларымен нау­қас­та­ну­шылар, бүйректері сырқат адам­дар­ға қызмет көрсетуге дайынбыз. Әлеу­мет­тік жағдайы төмен адамдарға да есігіміз ашық.
Орталықтағы дәрігерлер келушілердің денсаулық ерекшеліктерін ескере отырып, тамақтану рационын құрастырады. Орталықтың басты міндеті – тұрғындарды дұрыс ауқаттану туралы ақпараттандырып, шығыс аймақтағыларды зиянды азық-түліктен сақтандыру болмақ. Орталық мамандары түрлі акциялар ұйымдастыру арқылы баршаға салауатты тамақтанудың жолын меңзеуді жоспарлап отыр. Жаңа орталық тек қана кеңес берумен шектелмек емес, сіңімді асты дайындаудың тиімді тәсілдерін де көпшілікке ұдайы жариялап отыратын болады.