Ел жаңалықтары

Семей қаласының тұрғыны TeleBingo-дан 21 миллион теңге ұтып алды

  • Семей қаласының тұрғыны TeleBingo-дан 21 миллион теңге ұтып алды

    Семей қаласының тұрғыны TeleBingo-дан 21 миллион теңге ұтып алды

13 cәуір күні SuperBingo ойнатылымының жеңімпазы анықталды деп хабарлайды Tengrinews тілшісі. Көлемі 21 800 457 теңгені құрайтын ірі Джекпот Семей қаласының 47 жасар тұрғыны үшін мүлдем күтпеген жағдай болған.


«Мен ойынға аса беттелмей, кездейсоқ билетті онлайн сатып алуға бел будым. Негізі, бұдан бір апта бұрын алғаш рет билетті онлайн алып көріп, 3 мың теңге ұтып алғанмын. Сондықтан тағы да бағымды cынап көрейін дедім, бірақ, шынымды айтсам, ұтамын деп үміттенген жоқпын. Оған қоса, 13 сәуірде өткен TeleBingo ойнатылым нәтижесі бойынша эфирде жеңімпаз Алматы қаласының тұрғыны деп хабарлады. Бұл онлайн билеттер Алматы арқылы сатылатын

болғасын шығар, білмеймін. Бірақ мен ештеңе етпейді, келесіде жолым болады деп шештім. Сол себепті ұтыс туралы СМС-ті көріп, билетті тексеріп, бас жүлде менікі екенін білгенде қатты таңғалдым» - деп бөлісті Әлия (жеңімпаздың есімі

оның сұранымы бойынша өзгертілген). Әлия лотереяны 6 жыл ойнап келеді. Ол әйтеуір бір күні жолы болатынына

сенгенін мойындайды. Үй іші – жұбайы мен қызы бұрын оның лотереяға қызығушылығын қолдамайтын, ал қазір шаттанып, жоспарлар құруда.


«Жоспарлар өте көп. Бірақ, әрине, біз ең алдымен үй мәселесін шешкіміз келеді, үлкенірек үй алсақ дейміз. Ақшаның бір бөлігін қызым мен оның күйеуіне бергіміз келеді. Барлық отбасымыздың қуанышында шек жоқ. Осыған дейін ірі ұтыстардың бәрі тек Алматы мен елордамызда деп ойлатынмын. Ал енді олай емес екеніне көз жеткіздім. Сене білу керек, армандар орындалады!» - деп Әлия сезімімен бөлісті. Айта кететін жайт, Семей үшін бұл – «Сәтті Жұлдыз» лотереясын Қазақстан аумағында өткізу тарихындағы алғашқы ірі ұтыс. Компанияның Семей қаласындағы өкілі Александ Бушиннің айтуы бойынша, Семей қаласы тұрғынының джекпотты ұтуы барлық шығыс қазақстандықтарды шабыттандырған. «Бұл ұтыс SuperBingo-ны тек мегаполисте ғана ұтуға болады деген аңызды жоққа шығарды.

Себебі, бұған дейін ұтыстар ірі қалаларға кететін. Ал осы жолы Семей топты  жарып шықты. Ертеректе Өскеменде 1 миллион көлеміндегі Bingo ұтысы болды. ШҚО ойыншыларының бәрі Семейліктің ұтысын ашу мен қызғанышсыз, керісінше, жылы раймен, қуана қабылдағаны қуантады. Бұл TeleBingo ойынының 17 тиражындағы 19-шы лотерея миллионері», - дейді Александр Бушин. Есіңізге сала кетсек, «Сәтті жұлдыз» нарықта үш жыл жұмыс жасап келеді. Ол -

ҚР қаулысы бойынша қызмет ететін ұлттық лотерея операторы. Осы уақыт ішінде компания лотерея ойындарының шоғырын кеңейтті: қазіргі кезде ол үш лездік және төрт тираждық ойынның, соның ішінде TeleBingo тележобасының операторы. Қазіргі таңда 1,5 миллионнан астам қазақстандық «Сәтті Жұлдыздың» лездік және

тираждық ойындарында жеңіске жеткен.


Tengrinews.kz




Көрілген: 942    Пікірлер: 0

жұма, 19.04.2019, 16:48

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30