Семейде жалған вакцина құжатын жасаған медқызметкерлер анықталды

30 қыркүйек 2021, 00:22

Семейлік полицейлер жалған вакцина құжатын жасағандарды анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.​

2021 жылдың 16 қыркүйегінде Семей қалалық медициналық мекемелерінің бірінде коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация туралы құжаттарды қолдан жасап өткізумен айналысатын қызметкерлерге қатысты жедел ақпарат келіп түсті.  ​

Семей қалалық ПБ қызметкерлерінің тарапынан жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында шілде айында қызметтік мүмкіндігін негізсіз пайдалану арқылы төлқұжаттарды қолдан жасаумен және өткізумен айналысқан 27 жастағы тұрғыны анықталып, қолға түсті.

«Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді, қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасы ҚК-нің 385-бабының 1-бөлігі (Жалған құжаттарды, мөртаңбаларды, мөрлерді, бланкілерді, пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау дайындау немесе өткізу) бойынша қылмыстық іс  тіркелді. Қазіргі уақытта аталған қылмысқа қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары  жүргізілуде», – деді Семей қаласының ПБ бастығы Шалқар Құнанбаев.