Семейде көпқабатты үйден өрт шығып, 15 тұрғын эвакуацияланды

19 қараша 2020, 11:20

Өрт сөндірушілер 15 тұрғынды эвакуациялап, әйелді адамды құтқарды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Өткен түні таңғы сағат 03:00 шамасында Семей қаласындағы бес қабатты үйлердің бірінде өрт шықты. Құтқарушылар келгенде кіреберістердің бірінде ағаш есік жанып кеткен. Қатты түтін болғандықтан, өрт сөндірушілер 15 тұрғынды, оның ішінде 3 баланы эвакуациялау туралы шешім қабылдады.

Құтқарушылар үйдің 1-қабатында орналасқан пәтерден өзгенің көмегінсіз шыға алмайтын 51 жастағы әйелді алып шықты. Өрт 4 шаршы метрді құрады, оны құтқарушылар жедел түрде өшірді.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, алдын ала болжам бойынша өрт қойылған болуы мүмкін.