Семейде мектептер, лицейлер мен колледждердегі сабақтар тоқтатылды
Семей мектептерінде, лицейлерде және колледждерде қатты аяз салдарынан сабақтар тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қаладағы ауа температурасы - минус 34 градус.
 
"1-11 сынып оқушылары мен колледждер мен лицейлердің 1-2 курс студенттері үшін сабақтар тоқтатылады", - делінген хабарламада.