Семейде орман өртенді

02 маусым 2022, 14:01

Семейде 250 Га аумаққа жайылған орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы жылдың 1 маусымында “Семей орманы” табиғи резерватында басталған орман өрті 2 маусымда сағат 11:00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға орман шаруашылығы, ШҚО ТЖД, жергілікті атқарушы орган, сондай-ақ ҚР ТЖМ 68303 әскери бөлімі тартылды. ШҚО ТЖД жеке құрамынан 180 адам және 56 бірліктегі техника жұмылдырылды.

Шамамен алғанда өртенген орман аумағы 200-250 Га құрайды. қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.