Семейде өткен жылдың қазан айында жоғалған ер адамның денесі табылды

04 мамыр 2022, 14:18

Семейде 2021 жылдың қазан айында жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

 
ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 38 жастағы азамат 2021 жылғы 27 қазанда Декаротивная көшесіндегі үйінен белгісіз бағытта шығып, сол күйі хабар-ошарсыз кеткен. Көп ұзамай полиция органдарына жұбайы хабарласты.

Жедел іздестіру шараларына тәртіп сақшылары мен волонтерлер жұмылдырылған. Алайда ер адамды табу мүмкін болмады.

«2022 жылғы 30 сәуірде хабар-ошарсыз кеткен азаматтың денесі Ертіс өзенінен 500 метр қашықтықта «Бейбітшілік» аралынан табылды. Қазіргі уақытта полицейлер оның өлімінің мән-жайын анықтап жатыр», – делінген ведомсвто хабарламасында.