Ел жаңалықтары

Семейде тарихи ғимаратты бұзбақ болған кәсіпкермен келіссөз жүргізілді

  • Семейде тарихи ғимаратты бұзбақ болған кәсіпкермен келіссөз жүргізілді

    Семейде тарихи ғимаратты бұзбақ болған кәсіпкермен келіссөз жүргізілді

Семей қаласында жеке кәсіпкерге тарихи ғимаратты бұзуға жол берілмеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО әкімі Даниал Ахметовке Семей жұртшылығы, зиялы қауым өкілдері мен мәдениет қызметкерлері тарапынан Найманбаев көшесі бойында орналасқан 1844 жылы салынған көпес үйінің ғимаратын бұзғызбай сақтап қалу жөнінде бірнеше хат түскен.

- Осыдан оннан астам жыл бұрын ғимаратты жеке кәсіпкер алып, оның жанына сауда үйін салған. Қазір ол бұл жерде тұрғын үй салу үшін бұрынғы мұражайды бұзбақ ойы бар. Сол үшін Семейге жұмыс сапарым барысында ескі ғимараттың иесімен кездестім. Облыстық мәдениет басқармасы аталған сәулет ескерткішінің тарихи құндылығы туралы барлық қажетті құжаттарды дайындады. Сонымен қатар біз 177 жылдық тарихы бар саудагер үйінің бастапқы келбетін қалпына келтіру үшін ақша бөлеміз, - деді аймақ басшысы. Оның айтуынша, болашақта мұнда мұражай филиалдарының бірін орналастыруға немесе жылжымалы көрмелер ұйымдастыруға болады.

- Осылайша, Семейдің әр тұрғыны мен қонағы қаланың тарихына үңіле алады. Әрине, сәулет ескерткіші иесінің бұл жерге көппәтерлі тұрғын үй салғысы келетіні құптарлық жағдай. Дегенмен, шаһар әкімдігі жуық арада кәсіпкерге қаланың шағын аудандарының бірінен жер телімін ұсынатын болады, - деді Даниал Ахметов.




Көрілген: 820    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 00:05

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31