Ел жаңалықтары

Семейге 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады

  • Семейге 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады

    Семейге 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады

Семей қаласына 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, «Сергек» фото-бейнетіркеу жүйесін енгізу мақсатында 5,2 млрд теңге бөлінген.

«40 жол қиылысында және 74 желілік учаскеде 1 391 камера, әлеуметтік нысандарда, көпқабатты тұрғын үй ауласында, адам көп жиналатын жерлерде 687 камера орнатылмақ. Бұндағы мақсат – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу. Биыл қаланың 27 көшесі орташа жөнделді. Ал 106 көше мен жергілікті маңызы бар жолдар ағымдағы жөндеуден өтті», - деді ол қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Дархан Жөргекбаевтың сөзінше, республикалық бюджет есебінен «Семей-Қайнар» тасжолының 53 шақырымы жөнделуде. Жалпы жыл сайын жол жөндеу жұмыстарына 3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.




Көрілген: 192    Пікірлер: 0

бейсенбі, 25.11.2021, 08:42

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қараша, 22:42
    Арон Атабек көз жұмды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30