Сенаторлар Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесті

10 мамыр 2022, 17:51

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп пен Динар Нөкетаева Қонаев қаласының тұрғындарымен кездесіп, облыс орталығын қайта атауға арналған салтанатты іс-шараға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
"Қапшағай атауын Қонаев деп өзгерту - қала тұрғындары үшін көптен күткен маңызды оқиға болды", - деді сенатор Динар Нөкетаева.
Сенаторлар сондай-ақ алдағы референдумды және конституциялық реформаның негізгі бағыттарын талқылады.

"Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі референдум - Мемлекет басшысы бастамашылық еткен саяси реформалардың маңызды кезеңі. Біз 5 маусымда ұсынылған алдағы өзгерістердің бағыттары бойынша таңдау жасайтын боламыз", - деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.
Депутаттар кездесу барысында қала тұрғындарымен және басшылығымен облыс орталығының даму келешегін, сондай-ақ елді мекеннің мәртебесін арттырудың өңірдегі барлық тұрғындарға маңыздылығы талқыланды.