Ел жаңалықтары

Сенбі елімізде алты облыста аптап ыстық болады

  • Сенбі елімізде алты облыста аптап ыстық болады

    Сенбі елімізде алты облыста аптап ыстық болады

Сенбі күні Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында аптап ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

 

«30 мамырда Қазақстанның басым бөлігі әлі де жоғары қысым аумағында болғандықтан, күн райы ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, батыс және шығыстағы облыстарының жекелеген аудандарында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, күн күркіреп, найзағай жарқылдайды. Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл соғады», делінген болжамда.

 

Жамбыл облысының кей жерлерінде шаңды дауыл соғады, күндіз кей жерлерінде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 

Түркістан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Маңғыстауда желдің 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.

 

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қостанай, Қызылорда облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

 

Павлодар облысының басым бөлігінде, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.




Көрілген: 1097    Пікірлер: 0

сенбі, 30.05.2020, 01:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31