Ел жаңалықтары

Сенбі күні елімізде найзағай ойнап, тұман болады

  • Сенбі күні елімізде найзағай ойнап, тұман болады

    Сенбі күні елімізде найзағай ойнап, тұман болады

Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі.

2 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттар өтеді, соған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі. Оңтүстік-батыста және солтүстікте көктайғақ болады. Солтүстікте - жаяу бұрқасын, ал оңтүстік пен шығыста күн күркірейді.


Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болады. Түнде жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде өңірдің басым бөлігінде жел екпіні 15-20, 25 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен еседі.


Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Ақмола, күндіз Түркістан, Қызылорда облыстарында жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей аумақтарына тұман түседі.


Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Күндіз жел екпіні - 17-22 м/с.


Қарағанды, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.


Алматы облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды. 




Көрілген: 193    Пікірлер: 0

сенбі, 02.11.2019, 09:37

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қазан, 23:01
    Бұл ту – фейк!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30