Сенбілік сурет: Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды

12 наурыз 2022, 17:54

ҚР Президенті баспасөз қызметінің Telegram-каналында Қасым-Жомарт Тоқаевтың студент кезіндегі фотосы жарияланды.

 
«Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан. Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл» делінген жазбада.

Мемлекет басшысы осы жылдың 17 ақпанында берген сұхбатында  мерзімді басылымдарды үзбей оқу жастайынан қалыптасқан дағдысы екенін айтқан болатын.

«Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін», - дейді Қ. Тоқаев.

azattyq-ruhy.kz