Ел жаңалықтары

Сергей Лавров жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келді

  • Сергей Лавров жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келді

    Сергей Лавров жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келді

Ресейдің Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жұмыс сапарымен Нұр-Сұлтанға келіп, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті, деп хабарлайды KzNews.kz.

«Бүгінде елдеріміз арасындағы қатынастар барлық бағыттар бойынша стратегиялық әріптестік пен одақтастық бағытында қарқынды дамып келеді. Қарқынды саяси диалог жолға қойылған. Екі елдің Қауіпсіздік Кеңестері деңгейінде парламентаралық ынтымақтастық серпіні қолдау табуда, терең экономикалық байланыстар орныққан. Экономикалық интеграция процесі жүйелі түрде алға жылжып келеді. Әскери-техникалық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастық нәтижелі дамуда, өңіраралық байланыстар кеңеюде», – деді кездесуді ашқан Мұхтар Тілеуберді.

ҚР СІМ басшысы Қазақстан жоғары деңгейдегі барлық уағдаластықтарды іс жүзінде жүзеге асыруды жалғастыруға ниетті екенін атап өтті.

«Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының ағымдағы мәселелерін талқылауға дайынмын. Алдағы жылға өңірлік және жаһандық саясаттың түрлі аспектілері бойынша пікір алмасу жоспарланып отыр», – деді Мұхтар Тілеуберді.

Өз кезегінде Сергей Лавров қазақстандық тараптың қонақжайлық танытып пен жылы қабылдағаны үшін алғысын білдірді.

«Біз соңғы екі жылда президенттеріміз қол жеткізген келісімдерді орындау бойынша үлкен жұмыс атқардық. Бірақ қазір, әрине, жаңа міндеттер пайда болды. Өйткені уақыт бір орында тұрмайды. Президенттер екіжақты қарым-қатынастар мен халықаралық күн тәртібінің қандай да бір мәселелеріне деген көзқарастарды үнемі салыстырып отыруды жалғастыруда. Сондықтан біздің министрліктер желісі бойынша бірлескен жұмысымыздың жүйелі болуы өте қмаңызды» – деді ресейлік министр.




Көрілген: 367    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.04.2021, 14:18

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30