Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Серік Күдебаевтың соты тағы кейінге қалды

16 наурыз 2023, 13:33

Бүгін генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығарылуы керек еді.

Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаевқа қатысты сот отырысы тағы кейінге қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін генерал-майор Күдебаевқа қатысты үкім шығарылуы керек еді. Алайда оның сырқатына байланысты сот отырысы кейінге шегерілді.

Талдықорған қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім еткендей, келесі отырыстың өтетін күні кейінірек белгілі болады.

Бұған дейін Серік Күдебаевтың ауруханаға түскені белгілі болған. Ал прокурор судьядан Серік Күдебаевқа 9 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраған болатын. Күдебаевтың соты қаңтар айында басталған.

Еске салсақ, Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылған еді. Қадағалау департаментінде анықталғандай, Алматы облысының ПД бұрынғы басшысы "ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік" деген күдікке ілінді.

Ол 2020 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысы полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2022 жылдың 18 ақпанында ол ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылды.