Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Іш киіміне есірткі жасырған шетелдік ұсталды

28 желтоқсан 2022, 14:27

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне "Жібек жолы" шекара бекетінде есірткі контрабандасы бойынша күдікті туралы хабарлама келіп түсті. Анықталғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан орта жастағы ер азаматқа «Капелла» атты қызметтік ит белгі берген.
Содан шекарашылар бірден жедел тергеу тобын шақырады. Сарыағаштық тәжірибелі полицейлерден құралған жедел уәкілдер ер адамның Ресей Федерациясының азаматы екенін анықтады.
Оқиға орнына келген полицейлер күдіктіні тінту кезінде іш киімінің ішінен есірткі тектес затты тәркілеп алды. Алынған зат сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген заттың «гашиш» екені расталды.
Аталған дерек ҚК-нің 286-бабы "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тіркелді. Қазіргі таңда шетел азаматына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткі заттарын заңсыз сақтағаны және контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғаны туралы ескертеді. Сонымен қатар тәртіп сақшылары облыс тұрғындарын заңдарды сақтауға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі