Шахматшы Динара Сәдуақасова әлем чемпионатында рапидтен күміс жүлдегер атанды

28 желтоқсан 2022, 21:42

Алматыда шахматтан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Динара Сәдуақасова рапидтен күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды  Azattyq Rýhy.

 
Қазақстандық шахматшы шешуші сында қытайлық Тань Чжунъи-ге есе жіберді.

Екі спортшы арасындағы бірінші партия тең аяқталды. Ал екінші партия қытайлық шахматшының жеңісімен аяқталды.

Екі спортшы да 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинаған еді.

Ал үндістандық Савита Шри үздік үштікке ілікті.