Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шалбарының беліне есірткі жасырып, Қазақстан Республикасына өтпек болған шетелдік ұсталды

16 наурыз 2023, 11:53

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне есірткі контрабандасы бойынша ҚР ҰҚК Шекара қызметінен хабарлама келіп түсті. Аталмыш хабарламада "Жібек жолы" өткізу пунктінде шекарашылар мен «Линда» атты қызметтік иттің көмегі арқылы тыйым салынған затты тасымалдауға күдіктінің анықталғаны көрсетілген.
Шекарашылардан ақпарат алысымен оқиға орнына жедел тергеу тобы шықты. Белгілі болғандай, Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына жаяу өтіп бара жаткан жас жігітке қызметтік ит белгі берген. Сарыағаштық тәжірибелі тәртіп сақшылары сезіктінің Тәжікстан азаматы екенін анықтады. Ер адамға кейінге қалдырылмайтын тінту шарасы жүргізіліп, оның спорттық шалбарының сол қалтасынан және шалбардың белінен күмәнді есірткі затына ұқсас зат табылды. Тәркіленіп алынған 2 орамадағы зат бірден сараптамаға жолданды. Сараптама қорытындысы оның 1 грамға жуық «гашиш» екенін растады. Қазіргі таңда аталған жайт ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша тіркеуге алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті қамауда.

ТО ПД баспасөз қызметі