Шаңды дауыл, тұман: синоптиктер 11 қазандағы ауа райына болжам жасады

10 қазан 2021, 21:08

Елдің солтүстік облыстарында көктайғақ болады деп болжанып отыр. Шығыста жауын-шашын түседі
Әліде антициклон жотасы республиканың батыс жартысына әсерін сақтағандықтан ауа райы жауын-шашынсыз болады деп жсопарланған.

Елдің шығыс аумағында циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында желдің күшеюі, оңтүстік – батысында шаңды дауыл, тұман, солтүстігінде көктайғақ күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және таулы аудандарында тұман күтіледі, оңтүстік-батысында жел 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Ақмола облысының шығыс жартысында тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы және тау бөктерінде тұман күтіледі, түнде батысында, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай облысының солтүстігінде тұман күтіледі, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының батысында 15-20 м/с жел күшейеді. Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында, түнде және таңертең Маңғыстау облыстарында тұман күтіледі. Түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең Түркістан облысының таулы аудандарында тұман күтіледі.