Ел жаңалықтары

Шаша беруді тоқтату қажет: Аружан Саин әкімдерге үндеу жасады

  • Шаша беруді тоқтату қажет: Аружан Саин әкімдерге үндеу жасады

    Шаша беруді тоқтату қажет: Аружан Саин әкімдерге үндеу жасады

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин әкімдерді ақшаны концерттерге шаша бермей, балалардың игілігіне жұмсауға шақырды.

«Балалардың бос уақыттары өте көп. Сондықтан бір-бірімен төбелеседі. Көздерін шығарып, арасында өртеп жібергендері де бар. Тіпті, жыныстық қатынасқа түсіп, жануарларды азаптап жатқандары да жетіп артылады. Сондықтан балалардың өз уақыттарын тиімді пайдалануға мүмкіндік беруіміз керек. Балалардың өнер, спорт, ғылыммен айналысуына жағдай жасауымыз қажет», - дейді Аружан Саин.


Оның айтуынша, отбасындағы қаржылық мүмкіндіктер, әлеуметтік деңгейге және ата-анасының біліміне қарамастан балалар өздерін дамытатын барлық мүмкіндіктерге қол жеткізуі тиіс.


«Осы күні қосымша білім деп айтып жүрміз ғой. Оның балаларды тәрбиелеудегі маңызы зор. Әр облыстағы мәдениет үйлері, спорт сарайлары қалпына келтірілуі керек. Білім беру ұйымдары жүйесі арқылы барлық үйірмелер мен спорт секциялары қолжетімді болу керек», - дейді уәкіл.


Ол осы ретте жергілікті әкімдіктегілерге бюджет қаржысын концерттер мен имидждік шараларға шаша бермей тоқтату керектігін айтты.


«Бәріміз салық төлеп отырмыз. Сондықтан мемлекетте ақша бар. Бірақ оны елді таныту бағытындағы имидждік іс-шараларға шаша беруді тоқтату қажет. Ешқандай пайдасы жоқ топырлаған концерттерді тоқтату керек. Оның бәрі бюджет қаржысын шашу, басқа пайдасы жоқ. Осы ретте әкімдерге өтінішім бар. Осындай іс-шараларды тоқтатып, қаржының барлығын балалардың игілігіне жұмасасын. Бір жылдан кейін-ақ нәтижесін көресіздер», - деді Аружан Саин.




Бек ТӨЛЕУОВ


baq.kz




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

жұма, 27.09.2019, 20:15

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31