Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

"Шенеуніктердің отбасыларына шетелде шот ашуға тыйым салынады" - Қаржы министрі

02 қыркүйек 2020, 11:36

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев шенеуніктердің отбасы мүшелеріне шетелдік шоттар ашуға тыйым салынатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ерулан Жамаубаев

"Көлеңкелі экономикаға қарсы күрес аясында министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп кешенді іс-шаралар өткізуде. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар өзектендіріледі және оффшорлық юрисдикцияларға ақша аударымдары бөлігінде заңнама жетілдіріледі", - деді министр.

 

Ол сондай-ақ, министрлік FATF (ақшаны жылыстатуға қарсы қаржылық шараларды әзірлеу тобы) ұсыныстарын орындайтынын айтты:

  • мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың лауазымды тұлғаларына және олардың отбасы мүшелеріне шетелдік шоттарды ашуға тыйым салуды енгізу;

  • салық органдарының кәсіпкерлік субъектілерінен түпкілікті бенефициарлар туралы мәліметтерді алу құқығын заңнамамен бекіту.

Сондай-ақ, оның айтуынша, ЭЫДҰ елдерінің салық органдары арасында ақпарат алмасу аясында ел резиденттерінің қаржылық шоттары туралы мәліметтерге талдау жүргізу жоспарлануда.