Ел жаңалықтары

Шетелден оралған жолаушылар карантинге жатқызылады: Денсаулық сақтау министрі түсініктеме жасады

  • Шетелден оралған жолаушылар карантинге жатқызылады: Денсаулық сақтау министрі түсініктеме жасады

    Шетелден оралған жолаушылар карантинге жатқызылады: Денсаулық сақтау министрі түсініктеме жасады

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой шетелден оралған қазақстандықтар неліктен станционарларға жатқызылатынын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Соңғы кезде коронавирус инфекциясымен күрес бағытында айналыстық. Сәйкесінше жағдай тұрақтанып, көрсеткіштер айтарлықтай оңтайлы болды. Алайда Еуропада және басқа елдерде індет жұқтыру жағдайы өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Бір қуантарлығы, ТМД елдерімен салыстырғанда Қазақстанда бұл көрсеткіш әлдеқайда төмен ", - деді Цой.  

 Бұған қоса ол шетелден келген азаматтар ПТР-тестілеуден өтетіндігін жеткізді. 

"Біз басқа елдер шектеу шараларын қалай енгізіп жатқанын байқап отырмыз. Біздің азаматтар шетелге барғанда, бұл елдерде жолаушылар ПТР-анализін сұрайтынын ескеріп отырмыз. Сондықтан біз бұл шараларды неге енгізудеміз? Атап айтқанда, бұл &ndash Қазақстанға коронавирус инфекциясын кіргізбеу мақсатында жасалып отыр. Әуе көлігімен келген бойда екі күндік карантиндік стационарға жатқызылмау мүмкіндігі де бар екенін түсіну керек. Ол үшін ұшаққа отырар алдында коронавирусқа қатысты зерттеуден өтуіңіз керек. Қолыңызда тиісті анықтама болса, Қазақстанға ешбір кедергісіз сапарлай аласыз. Бұл анықтама мерзімі үш күннен аспауы керек. Егер бұл тексеруден өту мүмкін болмаса, онда Қазақстан азаматтары үшін ақысыз түрде ПТР-тестілеу ұсынылады. Яғни еліміздің карантиндік стацинарларында болады. Тест нәтижесін алғаннан кейін, азаматтар үйлеріне жіберіледі", - деді министр. 

Еске салайық, бұған дейін Түркия мен Біріккен Араб Әмірліктерінен келген қазақстандықтар ауруханаға карантинге жатқызылатыны айтылған еді. 

 Stan.kz




Көрілген: 371    Пікірлер: 0

бейсенбі, 01.10.2020, 21:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қазан, 20:40
    Егін – 2020

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31