Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шетелдік көліктерді заңдастыруға байланысты мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмыс уақыты ұзартылды

24 қаңтар 2023, 21:20

2023 жылдың 23 қаңтарынан бастап елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты Мамандандырылған ХҚКО-лардың жұмысы сағат 20-00-ге дейін ұзартылды. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Ведомстводан хабарлағандай, осы кесте бойынша орталықтар 2023 жылдың 6 ақпанына дейін адамдарды қабылдайтын болады, қандай да бір өзгеріс болып жатса, ол жайында қосымша хабарланады.

«Шетелдік автомобильдерді заңдастырудың екінші күні өтіп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, 5 836 өтінім мақұлданды, оның ішінде 333 қазақстандық мемлекеттік нөмірлік белгілер мен техпаспорттар алды», - деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан азаматтары сырттан әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын, орта сыйымдылықтағы автобустар, шағын жүк көліктер, басқаруы оң жақтағы автокөліктер заңдастыруға жатады.