Ел жаңалықтары

ШҚО әкімі: Бірде бір жаңа аудан ашпаймыз

  • ШҚО әкімі: Бірде бір жаңа аудан ашпаймыз

    ШҚО әкімі: Бірде бір жаңа аудан ашпаймыз

Даниал Ахметов Марқакөл өңірін дербес аудан ету ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов өңірдегі шекаралық аудандарды дамытудың бағдарламасы жасалатынын айтты. «Марқакөлдің ақсақалдары маған келді. 45 адам болып, сұрақтар қойды. Мен ол кісілерге: «Туысқандарым, айтыңыздаршы, 45 кісі келдіңіздер. Араларыңызда қанша кісі Күршім мен Марқакөлде тұрады?», – деген бір ғана сұрақ қойдым. Қалай ойлайсыздар, қанша кісі Марқакөлден кездесуге келген? Бір кісі ғана. Қалғанының бәрі Өскемен мен Семейде тұрып жатқанына 20 жылдан асқан. Бірақ та өте дұрыс мәселе көтерілді. Сол себептен мен арнайы комиссия құрдым. Қазір бес ауданда жұмыс істеп жүрміз. Үржар, Тарбағатай, Зайсан, Катонқарағай, Күршім аудандарына арнайы бағдарлама жасаймыз. Әлеуметтік жұмыстарды көтеріп, қосымша қаржы бөлеміз. Осы жұмыс аяқталғаннан кейін ондағы халықпен өзім кездесемін. Ақырғы сұрақ. Бір де бір жаңа аудан ашпаймыз. Неге десеңіз, аудан ашқанда тек қана жаңа жұмыскерлердің баспана мәселесін шешу үшін 9 млрд теңге кетеді. Сонда не керек халыққа? Жаңа шенеуніктер ме? Оған қарағанда арнайы бағдарлама керек. Келген 45 ақсақалдың бәрі менімен келісті. Біз осы жобаны іске саламыз», – деді ШҚО әкімі.

inbusiness.kz




Көрілген: 338    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.12.2019, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30