Ел жаңалықтары

ШҚО әкімі "темекі шеккені үшін" тізімінен шығарылған тыл ардагерін жеке құттықтады

  • ШҚО әкімі

    ШҚО әкімі "темекі шеккені үшін" тізімінен шығарылған тыл ардагерін жеке құттықтады

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бұрын тізімнен шығарылған тыл еңбеккері Хауа Балунбаеваны жеке құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жеңіс күні қарсаңында аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскемен мен Семейдің бірнеше ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін аралады. Олардың арасында 99 жастағы Хауа Балунбаева да болды.

 
Еске сала кетейік, 4 мамырда ардагердің немересі Манат Нұрмұхамбетов әжесін әкімдік қызметкерлері 9 мамыр-Жеңіс күнімен құттықтауға уәде беріп, бірақ содан кейін "оны қартайған әрі темеке шекеді" деп тізімнен шығарып тастағанын мәлімдеген еді. 

Ашуланған ер адам БАҚ-қа болған жағдайдың мән-жайын айтты. Оқиға қоғамдық резонанс тудырды, Даниал Ахметов жанжалды реттеуге араласты. Ол 99 жастағы жұмысшыға жеке өзі баруға уәде берді, ал "Ардагерлер ұйымы" ҚБ басшысына сөгіс жариялады.

Айта кетейік, әкім Хауа Балунбаевадан басқа, бірнеше ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне қонаққа барды. Олардың әрқайсысына гүлдер, жеміс себеттері, шайға тәттілер, тоңазытқыштар мен кір жуғыш машиналар, әскери заттар мен ақшалай сыйлықтар берілді.




Көрілген: 629    Пікірлер: 0

жексенбі, 09.05.2021, 15:19

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30