ШҚО-да бүлік кезінде құқық қорғау органдарының 140-тан астам қызметкері жараланды

17 қаңтар 2022, 16:51

ШҚО Полиция департаменті өңірде болған бүлік кезінде жарақат алған тәртіп сақшылары туралы мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 «Жүздеген агрессивті адам тәртіпсіздіктердің, тонау және басқа да заңсыз әрекеттердің жолын кесуге атсалысқан полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге бірнеше рет шабуыл жасап, ұрып, соқты», - деді өңірлік ПД.
Полицейлер қаладағы құқықтық тәртіпті қорғап, заңсыздыққа қарсы шықты.

«Террористік шабуылдардың жолын кесу және мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимараттарына жасалған қарулы шабуылдарға тойтарыс беруі нәтижесінде 128 полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның 19 әскери қызметшісі жарақат алды», - делінген ШҚО ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.