ШҚО-да елік атқан браконьер 1,5 жылға сотталды

18 мамыр 2022, 14:19

Шығыс Қазақстан облысында елік атқан браконьер 1,5 жылға сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

 
ШҚО аумағында елік атқан браконьер сот үкімімен бір жарым жылға сотталып, пробация есебіне алынды.

«Ол елік атып, мемлекетке 2,5 млн теңгеге жуық материалдық залал келтірді. Осылайша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін алдағы бір жарым жыл бойы пробация бақылауында болады», – деді пробация бастығы Ермек Енсенов.

Жаза өтеу кезінде сотталған тарапынан құқық бұзушылық болған жоқ. Пробация қызметкерлері жазасын өтеушімен үнемі профилактикалық жұмыс жүргізуде.