Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШҚО-да жоғалып кеткен әйелді айдалаға көміп кеткені белгілі болды

09 тамыз 2020, 20:08

Төрт күндік іздеуден кейін Шығыс Қазақстан тұрғынының мәйіті табылды. Марқұмның танысы оның өліміне күдікті.

40 жастағы Лариса Гусактың жоғалғаны туралы оның туыстары полицияға төрт күн бұрын хабарлады. Әйел облыстың Глубокое ауданында тұрған. Туыстарының айтуынша, ол таңертең жұмысқа кеткеннен кейін жоғалып кеткен. Осыдан кейін оны ешкім көрмеді. Полицейлер мен еріктілер хабарсыз кеткен әйелді бірнеше күн бойы іздестірді.

 

Алдыңғы түнде Ларисаның өлі екені белгілі болды. Оның денесін Белоусовка ауылынан жеті шақырым жерге көміп тастаған. Полицейлер оның 59 жастағы танысы әйелдің өліміне қатысты күдіктіні ұстады. Жергілікті полиция департаментінің хабарлауынша, ер адам Ресеймен шекарада ұсталған.

Полиция күдіктіні уақытша ұстау абақтысына қамады. Тәртіп сақшылары қылмысты аса ауыр деп жіктейді. Қазіргі уақытта жергілікті полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.