Ел жаңалықтары

ШҚО-да көпбалалы аналарға берілген үйде жарылыс болды

  • ШҚО-да көпбалалы аналарға берілген үйде жарылыс болды

    ШҚО-да көпбалалы аналарға берілген үйде жарылыс болды

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында көпбалалы аналарға салынған жаңа үйлердің бірінің пеші тағы жарылды. Бұл жағдай осымен екінші рет қайталанып отыр. Ашынған аналар аудан әкімі Дулат Қажановтың қызметтен кетуін талап етуде деп хабарлайды Azattyq Ruhy тілшісі.

 
Күршімде бюджет ақшасына салынған үйлердің сапасы төмен екенін бұған дейін жазған болатынбыз. Ол кезде пәтерлердің бірінің астынан су шығып, артынша жылыту пеші жарылған еді. Ешкім зардап шекпеген. Дегенмен, аудан әкімдігі олқылықтың орнын дереу жоямыз деп тұрғындарды сендірген болатын.

Аталған мәселені «Үйлесім» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Жұлдыз Ақтанжанова өзінің Facebook-парақшасында жазды.

«Бұл пештердің ақауы бар екенін, эксплуатацияға жарамсыз екенін осы әлеуметтік желіде бірнеше рет жазғанмын. Бірақ сол кезде әкім тарапынан жиналыс жасап, аналарды алдап, уәде берумен ғана шектелді. "Бұл пештердің жарылуы бі-ақ рет болды, енді қайталанбайды, Алматыдан басқа пештер әкеліп орнатамыз" деген сынды уәделер әлі күнге шейін қарқынды орындалып жатқан жоқ! Бюджет ақшасы резиновый емес деп айтыпты Д.Кажанов. Бюджет резиновый болмаса, адамның да өмірі ойыншық емес! "Нерезиновый" бюджет туралы әуел баста осы пештерді мемлекеттік сатып алу порталында тапсырыс бергенде ойлану керек болған деп ойлаймын. Әкім тек орнын босатып қане қоймай, 2019-2021 жылдары осы ауданға бөлінген қаражат есебіне толық тексеру жүргізілуін талап етемін», - деп жазды Жұлдыз Ақтанжанова.
Оның айтуынша, жарылыс болғанда балалар сабақта болыпты. Видеоматериалда көрсетілгендей, оқиға салдарынан жаңадан салынған үйдің қабырғасы қирап, төбесі жарылған.

«Ертең Қазақстан Республикасы ең маңызды күнді атап өтпек! Күршім ауданының әкімі Дулат Кажанов осы күнге «керемет» сый жасап берді. Күршім ауданы ЖКХ басшысы денсаулығына байланысты демалыста, аудан әкімінің орынбасары Шораяқов мырза еңбек демалысында. Аналардың жаңа тұрғын үйге қатысты мәселелі сұрақтары бар екенін біле тұра, немқұрайлық танытып, адам өмірінің қауіпсіздігіне желүсті қараған әкім орнын босатсын», - дейді Жұлдыз Ақтанжанова.
Оқиға орынында қазір арнайы жұмыс тобы құрылды. Аудан әкімдігі болса мәселеге тұрғындардың өздерін кінәлауда.

«Орын алған жағдай бойынша төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы, аудан прокурорының орынбасары, полиция бөлімінің басшысы, аудандық маслихат хатшысы және ауылдық округі әкімінен жұмыс тобы құрылып, пештің жарылу себебін анықтауда. Төтенше жағдайлар алдын ала деректері бойынша ақаулық жылыту қазандығының (судың жеткіліксіз мөлшері) дұрыс пайдаланылмағандығынан болған. Адам шығыны жоқ. Оқиға жергілікті атқарушы органдардың арнайы бақылауында. Болған жағдайдың себебі анықталғаннан кейін қосымша хабарланатын болады.
Бұл осымен екінші жағдай. Еске сала кетсек, бірінші жағдайда да үй иесінің пешті дұрыс қолданбағанынан жарылыс болған», - дейді аудан әкімінің орынбасары Ерлан Шораяқов.

Десе де, тұрғындар әкімдіктің бұл уәжімен еш келіспейді. Себебі үй әу баста сапасыз салынған көрінеді.

Таунар Қайратұлы ШҚО




Көрілген: 609    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 01.12.2021, 17:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31