Ел жаңалықтары

ШҚО-да қос азаматтығы анықталған 28 адамның арасында квазисекторда басшылық қызметте жүргендер де бар

  • ШҚО-да қос азаматтығы анықталған 28 адамның арасында квазисекторда басшылық қызметте жүргендер де бар

    ШҚО-да қос азаматтығы анықталған 28 адамның арасында квазисекторда басшылық қызметте жүргендер де бар

Сәуір айында көші-қон қызметінің қызметкерлері облыс аумағында қос азаматтығы бар тұлғаларды анықтады, деп хабарлайды AltayNews.

 Жауапқа тартылған адамдардың дені Қазақстан Республикасы азаматының құжаттарын пайдаланған. Сол арқылы азаматтық туралы заңнаманы бұзған. 

Сонымен қатар, Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Семей қаласында квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте жұмыс істеп жүрген тұлға да бар.

Бұл шетелдіктерге қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды, 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 496-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

ҚР Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді. Алайда, елден тыс жерлерге уақытша шығатын азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдайды, сол арқылы ҚР азаматтық туралы заңнамасын бұзуға жол береді.

«ПД Көші-қон қызметі басқармасы тұрақты негізде қос азаматтықтың болуын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде. Жыл басынан бері қос азаматтық үшін - 28 азамат, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактілері туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін - 8 азамат, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін - 20 азамат тартылды»,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.




Көрілген: 503    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.05.2021, 16:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Мамыр, 19:58
    39 С ° ыстық болады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31