Ел жаңалықтары

ШҚО-да көз жұмған балалардың ісін енді жемқорлыққа қарсы қызмет тексермек

  • ШҚО-да көз жұмған балалардың ісін енді жемқорлыққа қарсы қызмет тексермек

    ШҚО-да көз жұмған балалардың ісін енді жемқорлыққа қарсы қызмет тексермек

Шығыс Қазақстан облысы Аягөздегі интернатта көз жұмған балалардың ісін енді еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тексертін болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Еске салайық, бұған дейін істі өз қадағалауына алған мемлекеттік комиссия балалардың көз жұму себебі қызылша емес деп мәлімдеген болатын. 

"Балалар бір айдың ішінде әр түрлі уақытта қайтыс болды. Олардың туа біткен аурулары асқынып кеткен. Алғашқы жағдай 2-сәуірде болды. Ол кезде 2008 жылы туған бала көз жұмған. Дәрігерлердің шығарған қорытындысы: өлімге қызылшаға қатысы жоқ. Бұл туралы тиісті медициналық куәліктер мен актілер де бар. Жан тапсырған жеткіншектерден бұрын ата-аналары бас тартқан", - деді ШҚО әкімінің орынбасары Әлішер Мархабат.

 

Айта кетерлік жайт, балалардың ағзасынан ішек таяқшасы да табылыпты. Алайда мекемнің есебіне сүйенсек, басшылық сәуір айында 750 мың теңгеге бекіре уылдырығын және 650 мыңға 60 келі қызыл балық сатып алыпты. Енді осы ас мәзірі шынымен балаларға арналып жасалды ма деген сұрақты тексеруге жемқорлыққа қарсы қызмет анықтайтын болды. 

"Бұл оқиғадан кейін тиісті іс-шаралар қабылдаймыз. Нақтырақ айтсақ, аталмыш мекеме қазына қаржысын қалай жұмсағанын тексереміз. Тексерудің қорытындысы міндетті түрде жарияланады", -деп мәлімдеді ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіның өкілдері.

Оқиғадан кейін Аягөздегі интернаттың директоры, оның орынбасары және бөлім басшысы тәртіптік жазаға тартылыпты.

Бұған қоса еліміздегі  113 әлеуметтік орталықтың жұмысы тексерілетін болды. Еңбек және әлеуметтік министрлігі алдымен балаларға арналған оңалту мекемелерін тексеретінін жеткізіпті. 




Көрілген: 237    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 20.05.2020, 22:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Маусым, 09:49
    Балаларымен қауышты

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30