Ел жаңалықтары

ШҚО-да құтқарушылар мен полицейлер жағалауларды 566 рет патрульдеді

  • ШҚО-да құтқарушылар мен полицейлер жағалауларды 566 рет патрульдеді

    ШҚО-да құтқарушылар мен полицейлер жағалауларды 566 рет патрульдеді

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар мен полицейлер өзен-көлдердің жағалауларын патрульдеуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, құтқарушылар су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында бірқатар шараларды қолға алған.

«Өзен-көлдердегі қайғылы оқиғалардың негізгі себептері – демалушылардың су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзуы, жабдықталмаған жерлерде шомылуы және өз күштерін дұрыс бағалай алмауы. Сонымен қатар азаматтардың мас күйде суға түсуі, ересектердің балаларды дұрыс бақыламауы адам өліміне әкеліп соғып жатады», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Дмитрий Титов.

Оның айтуынша, арнайы жабдықталған су айдынының түбін сүңгуірлер тексерген. Онда кемінде 2 арнайы оқытылған құтқарушы кезекшілік атқарады. Балалар шомылатын орын да талапқа сәйкес жасалып, судағы қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігі жайлы материалдары бар профилактикалық стендтер орнатылған. Бұдан бөлек, медициналық қызметкерлер мен құтқарушыларға арналған бекеттер жұмыс істейді.

«Полиция қызметкерлері құтқарушылармен бірлесіп жағалауларды 566 рет патрульдеді. Соның нәтижесінде 9 адам әкімшілік жауапқа тартылған. Атап айтқанда, 5 азамат ҚР ӘҚБтК-нің 364-бабы бойынша (су пайдалану ережелерін бұзу), ал 4 тұрғын 440-бабына сәйкес (алкогольді ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға мас күйде келу) айыппұл арқалаған», - дейді Өскемен қалалық ПБ табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Дархан Айтқазин.




Көрілген: 849    Пікірлер: 0

жұма, 11.06.2021, 23:47

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31