ШҚО-да өзендерде су деңгейі көтеріледі

01 сәуір 2022, 01:14

Шығыс Қазақстан облысында 1-4 сәуір аралығында өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспаөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 1-4 сәуір аралығында өңірде ауа температурасы күрт жылынады деп күтілуде. «Соған байланысты қар жылдам қарқынмен еріп, өзендерде су деңгейі көтеріліп, қызыл су жүруі мүмкін. Яғни көшелерді, үйлерді су басу қаупі жоғарылайды», - деп хабарлады ведомство өкілдері. Осы ретте, ТЖД азаматтарға бірқатар кеңес берді: - Үй маңын қардан тазартып, арық пен бұлақ арналарын бітеп тастамау қажет. - Жағдай ушыққанда эвакуациялауға дайын болу, малды қауіпсіз жерге апару. - Құжаттарды, қажетті заттарды, дәрі-дәрмекті дайындап қою керек.

ҚазАқпарат