ШҚО-да шектеу шараларын бұзған 26 жағдай анықталды

16 наурыз 2021, 08:54

ШҚО-да мониторингтік топтар күнделікті рейдтік іс-шараларды жалғастыруда, деп хабарлайды Аltaynews.kz.
14 наурыз күні облыс орталығының 205 нысаны рейдтік іс-шарамен қамтылды. Оның ішінде облыстың бас санитар дәрігерлі белгілеген шектеулерді бұзған 11 факті тіркелген.

Ал Семей қаласында 288 нысанда тексеру жүргізілген. Мониторингтік топтар қоғамдық көліктерде, сауда үйлерінде және базарларда маскалық режимді бұзған 15 фактісін анықтады.


 
BAQ.KZ