ШҚО-да үш мыңнан астам адамды кене шақты

06 тамыз 2022, 20:05

Көктем мезгілінен бүгінге дейін 3346 адамды кене шаққан, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Алтайньюс"-ке сілтеме жасап.

Облыстық анитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сүйенсек, кене шаққандардың арасында 997 бала бар.

 

Жалпы 93 пайызы кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алған.

 

Ал екпе алмағандардың ішінде сегіз адам энцефалит жұқтырып, ауруханаға жатуға мәжбүр болды.

 

Қазіргі уақытта медициналық ұйымдарда кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин жеткілікті екенін айта кетейік.