Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

ШҚО-дан ПТР анықтамасынсыз шығуға тыйым салынды

02 қараша 2020, 00:43

2 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысынан шыққандардың коронавирусқа қарсы ПТР анықтамасы болуы керек, деп хабарлады көлік жөніндегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садвакас Байғабылов, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Ағымдағы жылдың 2 қарашасынан бастап Қазақстанның басқа аймақтарына әуе немесе теміржол көлігімен сапар шегетін Шығыс Қазақстан облысының жолаушыларында COVID-19 теріс нәтижелері бар ПТР анықтамасы болуы керек. ПТР анықтамасының қолданылу мерзімі нәтижелер алынған күннен бастап 3 күннен аспауы керек», - деп көрсетті Байғабылов.

 
Оның айтуынша, бұл талап 5 жасқа дейінгі балаларға қатысты емес.

«Шығыс Қазақстан облысынан ұшаққа немесе пойызға отыратын жолаушылардан теріс нәтиже көрсететін ПТР анықтамасы талап етіледі.

Өскеменнен немесе Семейден Қазақстанның басқа аймақтарына ұшып келген жолаушылардан ПТР анықтамасы тексеріледі.

Сол сияқты тексеру теміржолдарда да жүргізіледі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Шығыс Қазақстан облысының аумағында блок-бекеттер орнатылатыны хабарланған.

Сондай-ақ, елді мекендерде жүріп-тұру және үйден немесе пәтерден кез келген уақытта шыққан кезде бетперде режимін міндетті түрде сақтау, ал қоғамдық көлікте - кемінде 2 метр қашықтық (бір отбасы мүшелерін қоспағанда) енгізіледі.

Бұған дейін 1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысы мен Өскемен аумағынан азаматтардың кіруіне және шығуына тыйым салынғаны хабарланған еді.