Ел жаңалықтары

ШҚО-ға 8 келіден астам есірткі жеткізбек болған жамбылдықтар ұсталды

  • ШҚО-ға 8 келіден астам есірткі жеткізбек болған жамбылдықтар ұсталды

    ШҚО-ға 8 келіден астам есірткі жеткізбек болған жамбылдықтар ұсталды

Аса ірі гашиш партиясын ШҚО-ға әкелмек болған Жамбыл облысының тұрғындары ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

 
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі трафигінің жолын кесу бойынша кезекті арнайы операцияны өткізді. Бұл жолы екі адам анықталды, олар Жарма ауданына өсімдік есірткі заттарының аса ірі партиясын әкелуге тырысқан. Есірткіні саудамалақ болған Жамбыл облысының тұрғыны, есірткіні еліміздің оңтүстік өңірлерінен автокөлікпен тасымалдаған. Кейін оны ауылдық жерлердегі жастар арасында өткізбек болған, бірақ тәртіп сақшылары бұл әрекеттің жолын кесті. 

"Күдіктілерді ұстау бойынша іс-шара “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында өткізілді. Автокөлікті тінту барысында күдіктілерден сегіз килограмнан астам “гашиш” тәркіленді, бұл бір жарым мыңнан астам дозаға тең. Бүгінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл Ішкі істер министрі айқындаған басым міндеттердің бірі болып табылады, сондықтан біз осы бағыттағы қалыптасқан жағдайды мұқият қадағалаймыз және осындай фактілердің жолын кесу бойынша дереу ден қоюды қамтамасыз етеміз", – деді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев. 
Ұсталғандардың екеуі де соттың санкциясымен тұтқындалды және тергеу аяқталғаннан кейін ҚР ҚК-нің 297-бабына сәйкес оларға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.   




Көрілген: 393    Пікірлер: 0

бейсенбі, 10.06.2021, 14:28

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30