ШҚО өртсөндірушілері жанып жатқан үйден миллион теңге алып шықты

22 қараша 2020, 23:55

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының өртсөндірушілері жанып жатқан үйден миллион теңге алып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Түнде Семей көшесіндегі үйде өрт болды. Оқиға болған жерге келген құтқарушыларға үй иесі іште екі газ баллоны, ақша мен құжаттар қалғанын хабарлады. Бүкіл үйді жалын шарпығанына қарамастан, өртсөндірушілер екі баллонды, ақша мен құжаттарды да алып шықты. Үй иесіне жеке заттары сол жерде қайтарылды», - деп жазылған хабарламада.
Кейін өрттің шығуына жылыту пешінің дұрыс пайдаланылмағаны себеп болғаны анықталды.