Ел жаңалықтары

Шілдеде айына арналған ауа райы болжамы

  • © azh.kz

    © azh.kz

Синоптиктер 2019 жылғы шілде айына арналған консультативтік болжамын жария етті, - деп хабарлайды   Tengrinews.kz тілшісі.


Шілде айында синоптикалық жағдайдың жиі өзгеруі болжанады: батыс антициклондардың енуі оңтүстік циклондардың шығуымен ауыстырылады.


"Айдың басында солтүстік өңірлерге Скандинавия аудандарынан циклон ығысады, онымен бірге дауылды жел соғады, жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр болжанады, сондай-ақ бұршақ, найзағай және дауыл түріндегі конвективті құбылыстар күтіледі.


Елдің солтүстігінде, солтүстік-батысында және орталығында ауа температурасы күндіз +17+26ºС-қа дейін төмендеуі болжанады.


Оңтүстікте қатты ыстықтан кейін ауа температурасы +25+33ºС-қа дейін төмендеуімен қатар нөсер жаңбыр жауады.


Бірінші онкүндіктің соңына қарай ауа температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды", - дейді мамандар.


Ал екінші және үшінші онкүндіктерде сынап бағаналары солтүстік, орталық пен шығыста түнде +10+15ºС-тан +15+20ºС-қа дейін, күндіз +25+30ºС-тан +30+38-қа дейін ауытқиды;


республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және батысында түнде +15+20ºС-тан +20+30ºС-қа дейін, күндіз +30+38ºС-тан +35+45ºС-қа дейін ауытқитыны айтылады.


 




Көрілген: 587    Пікірлер: 0

сейсенбі, 02.07.2019, 12:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31