Ел жаңалықтары

Шортандыдағы газ баллоны жарылысы: 9 жасар қыз ауруханада көз жұмды

  • Шортандыдағы газ баллоны жарылысы: 9 жасар қыз ауруханада көз жұмды

    Шортандыдағы газ баллоны жарылысы: 9 жасар қыз ауруханада көз жұмды

Ақмола облысының Шортанды ауданында болған газ баллоны жарылысынан зардап шегіп, ауруханаға түскен 9 жасар қыз көз жұмды. Мерт болғандар саны осымен 5-ке жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

"Өкінішке қарай, Шортанды ауылындағы жарылыс кезінде зардап шеккен 2011 жылғы қыз 22 қараша күні кешке қайтыс болды. Түнгі сағат 11-де қыздың жүрегі тоқтап қалды. Жан сақтау бөлімінде жасалған іс-шаралар жүректі қайта соқтырмады", – деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардақ.

Қыз ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, бірден жан сақтау бөліміне жатқызылған. Денесін 60%-ға күйік шалған қыз бір апта комада жатты. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, нәтиже болмады. 

Айта кетейік, Шортанды ауданындағы жарылыс 16 қараша күні болды. Жарылыс болған сәтте үйде 12 адам болған. Олардың үшеуі (екі әйел мен бір бала) оқиға кезінде көз жұмды. Ауруханаға түскендердің арасында денесінің 70 пайызын термиялық күйік шалған 12 жастағы ер бала қарашаның 20-да қайтыс болды.




Көрілген: 486    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 12:45

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2022
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    2022
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31