Ел жаңалықтары

Шотландиядан демалуға келген туристер Алматының қоқысын теріп жүр

  • Шотландиядан демалуға келген туристер Алматының қоқысын теріп жүр

    Шотландиядан демалуға келген туристер Алматының қоқысын теріп жүр



Шотландиядан келген егде жастағы туристер Алматы мен Үлкен Алматы көлі тауларындағы қоқысты көріп, балалары мен немерелерімен бірге жағдайды реттеуге бел буды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


қоқыс


Бұл туралы Анна Шелепова өз Facebook парақшасында жариялады. 

"Пол мен Сандра Қазақстанның әдемілігін тамашалауға келген. Бірнеше күн бойы олар Медеуге, Шымбұлаққа барды. Барлық жерді ұнатты. Бірақ олар таулар мен Үлкен Алматы көлі маңындағы қоқыстарды көріп таңқалған. Шотландиядан келген қонақтар серуендеудің орнына балалары және немерелерімен бірге қоқыс жинап кетті", - дейді ол жазбасында.


Анна Шелепованың айтуынша, осыдан кейін туристер енді таулардың әсемдігін көруге аса құштарланбайтын сияқты. Сондай-ақ, ол туристер жүретін мекендерге тазалық жүргізу қажеттігін тілге тиек ете кетті. 


"Ұлттық паркке кіре берісте сөмкелер таратылған кезде керемет акция болғандығы есімде. Жаппай сенбіліктер өткен. Тауларға қоқыс тастамау үшін бір механизм орнату керек шығар. Сонау алыс жақтан тауды көруге ұшып келген туристер әдемілікті ғана көріп кетсе қандай керемет болар еді. Бірақ олар мына жағдайды көріп басқа әсер алды", - дейді Анна Шелепова.


 



 

 




Көрілген: 487    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.09.2019, 18:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    29 Қыркүйек, 18:51
    Петропавлға қар жауды
    7 Қыркүйек, 12:15
    Алматыда жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31