Ел жаңалықтары

Шығыс Қазақстан полицейлері вакцина алмағандарды іздеуге шықты

  • Шығыс Қазақстан полицейлері вакцина алмағандарды іздеуге шықты

    Шығыс Қазақстан полицейлері вакцина алмағандарды іздеуге шықты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі учаскелік инспекторларға өз учаскелерін аралап, вакцина салғызбағандарды анықтауды тапсырды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов бүгін өңірдегі полицейлерге Семей мен Өскемендегі коронавирусқа қарсы екпе алмаған тұрғындар туралы есеп тапсыруы керек екенін еске салды.

Бұл туралы Ахметов коронавирус инфекциясының таралу бойынша қала және аудан әкімдерімен өткен кезекті кеңесте мәлімдеді, деп жазды Yk-news.kz порталы.

"Сәрсенбі сіздер маған толық ақпарат ұсыну керек екендеріңізді полиция департаментінің есіне саламын. Өскемен мен Семейде учаскелік полицейлер пәтерлерді аралап, вакцина салғызбаған азаматтарды анықтауы керек болатын. Полиция департаменті бұл жұмысты жүргізіп жатыр деп үміттенемін", - деді Даниал Ахметов.
Ол, сондай-ақ, соңғы аптада өңірде коронавирус жұқтырғандар саны азайғанын айтып, бұл нәтижеге мүдделі құрылымдардың белсенді жұмысының арқасында қол жеткенін мәлімдеді. Әкімнің айтуынша, осылай жалғаса берсе, жақын уақытта Шығыс Қазақстан облысы қайтадан "жасыл" аймаққа өтуі әбден мүмкін.

"Коронавирустың алдын алу және оның таралуына жол бермеуде вакциналау жалғыз тиімді жол болып отырғанын еске салғым келеді. Жалпы республика бойынша Шығыс Қазақстан жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Халықтың 48,7%-і екпе алған. Көрші елдерде қазір қалыптасқан жағдай алаңдатып отыр. Сондықтан профилактикалық, аналитикалық жұмыстар мен вакциналау науқанына құқық қорғау органдарын жұмылдырудың маңызы зор", - деді Даниал Ахметов.




Көрілген: 316    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.10.2021, 13:30

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    23 Қазан, 00:44
    QAZFORUM-2021 БАСТАЛАДЫ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31