Шығыс Қазақстанда әкесі ұлын атып өлтірді

18 желтоқсан 2022, 11:48

Артынша ол өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды.

Қайғылы жағдай Катонқарағай ауданы, Қабырға ауылында болған. Алдын ала болжам бойынша 17 желтоқсан күні әкесі ұлына аңшылық мылтықтан оқ атқан Жарақат салдарынан ұлы көз жұмған. Артынша өз-өзіне қол жұмсап, қайтыс болды.

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қабырға ауылындағы үйде зорлықпен өлтіру белгілері бар 59 және 29 жастағы екі ер адам мәйітінің табылу фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 105 (өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) және 99 (адам өлтіру) баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталғанын хабарлайды.

Қазіргі уақытта істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Сот сараптамалары тағайындалды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.