Ел жаңалықтары

Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы отқа оранған үйде қалып қойды

  • Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы отқа оранған үйде қалып қойды

    Шығыс Қазақстанда бүтін бір отбасы отқа оранған үйде қалып қойды

Көршілері отбасының төрт мүшесін тілсіз жаудан құтқарған. Шығыс Қазақстан облысының Путинцево ауылында бүтін бір отбасы тілсіз жаудан зардап шекті. Өрт сөндірушілерді оқиға куәгерлері мен көршілер шақырған, деп хабарлайды 24.kz.


Өрт сөндірушілер келген кезде екі балалы отбасы тұрып жатқан үй түгел отқа ораныпты


Көршілер отбасының төрт мүшесін өрттен алып шыққан: 62 жастағы және 35 жастағы әйелдер, 14 жастағы қыз бен 4 жасар ер бала.


Зардап шегушілер ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.


Өрт сөндірушілер үйінді астынан 1965 жылғы ер адамның денесін тапты.


Өрттің жалпы аумағы – 64 шаршы метр. Толығымен сөндіруге бес сағат кеткен.


Мамандардың айтуынша, өрттің себебі электр желісінің істен шыққандығы болуы мүмкін. 




Көрілген: 410    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 13.05.2019, 09:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31