Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шығыс Қазақстанда бұзақылық жасаған полицей мен оны жасыруға тырысқан әріптестері жұмыстан қуылды

21 желтоқсан 2021, 14:02

Бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған полицей қызметінен босатылды, деп мәлімдеді Шығыс Қазақстан облысы ІІД бастығы Сағат Мәдиев. Бұл жайында Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қараша айында Тарбағатай аудандық полиция бөлімінің қызметкері жұмыстан тыс уақытта бұрыннан таныс жергілікті тұрғынмен сөзге келіп қалып, оған қатысты "бұзақылық әрекеттер" жасаған.

"Біз бұл фактіні дереу назарға алып, сол күні, яғни 30 қарашада аталған қызметкер ішкі істер органдарынан жұмыстан шығарылды. Қазіргі уақытта оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, ол бойынша мәліметтер ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды", - деді Сағат Мәдиев.

Оның айтуынша, бұл деректерді тіркеу кезінде қажетті шараларды қолданбаған полиция бөлімінің тағы үш қызметкері де қызметтен босатылды. Сонымен қатар аудандық бөлім басшылығы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылып, басшының кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен шеттетілген.

"Құқық бұзушылыққа жол берген сондай-ақ қоғам тарапынан негізді сынға ұшыраған лауазымды тұлғаларға ішкі істер органдарынан шығару шаралары қолданылады және бұл біздің басты ұстанымымыз", - деп атап өтті полиция департаментінің бастығы.