Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шығысқазақстандық оқушы бір миллион теңге сыйақыға ие болды

08 ақпан 2021, 11:14

Шығыс Қазақстан облыстық «Білім-инновация» мамандандырылған лицейінің оқушысы Темірлан Байболов El maqtanyshy сыйлығының иегері атанып, бір миллион теңге сыйақыға ие болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 

«Елбасы академиясының» хабарлауынша, бұл сыйлық беделді халықаралық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болған оқушылар мен олардың жаттықтырушы-тәлімгерлеріне арналған.

 

Темірлан Байболов 2020 жылы ІОІ информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс медальді жеңіп алған. El maqtanyshy &ndash оның екінші сыйлығы.

 

Он бірінші сыныптың озат оқушысы жаз бойы олимпиадаға дайындалыпты.

 

&ndash Бұл жоба дарынды балалардың есімдерін дәріптейді. Олардың бас қосып, пікір алмасуына мүмкіндік береді. Материалдық көмек те қуантады, әлбетте. Әсіресе көп жағдайда есімі аталмай қалатын мұғалімдердің де еңбегі еленеді. Сонысымен ұнайды, &ndash дейді Темірлан.

 

Айта кетейік, El Maqtanyshy сыйлығы Елбасы Академиясымен бірлесе отырып, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры el Úmiti бастамасы аясында беріледі.