Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Шығыстағы жұрт батыстағы ағайындарды қолдауға шақырады

21 сәуір 2011, 10:39

Жайық­­тағы жағ­дайға бүкіл ел алаң­дау­лы. Әсі­ресе өткен жылы көк­темгі тасқынның зардабын тартудай-ақ тарт­қан Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Көкжыра ауылы тұрғындары ерекше қобалжулы. Содан болар, 17 сәуір күні осы ауылда тасқыннан зардап шеккен батысқазақ­стандық тұрғындарды қолдауға арналған акция ұйымдас­тырылды. Акция мұраты түсінікті – табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен ағайынға қаржылай көмек көрсету.
Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары Сіләмбек Шәріпханұлының сөзіне сенсек, қолдау акциясын өткізу бастамасын бүкіл аудан жұртшылығы, оның ішінде қоғамдық ұйым өкілдері мен кәсіпкерлер көтерген екен.
Өткен жылы Тарбағатайдағы жұртты тасқын су жайлағанда, бүкіл ел бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай бо­лып, жұдырықтай жұмылып қолдау көр­сеткені есімізде. Осыны түйсінген аудан­дағы барлық мекемелер мен ұжымдардың, кәсіпорындардың жұмыс­шылары, мек­тептер мен ауруханалар қызмкеткерлері осы күні батысқазақ­стандық ағайындарды қолдау жөніндегі қорға біркүндік жала­қысын аударды.
– Біз батыстағы ағайынның қазіргі жағ­дайын жақсы түсінеміз, жүрегімізбен сезі­неміз. Бүкіл кәсіпкерлерді, жүрегі жомарт, жаны жайсаң азаматтарды осындай қайырымдылық жасауға шақырамын, – деді «Тарбағатай кәсіпкерлері» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Манат Әлім­жанова.
Айта кетейік, кәсіпкер әйел бастаған аудан бизнесмендері тасқын бейнетін тартқан отандастарымызға 5 миллион теңге көлемінде қаржы жіберіп отыр.